“Маусым айының екі аптасында ғарыш айлағының мамандары ғарышқа бес бірдей зымыранды ұшырады”.
Мәселен, 15-маусымда “Союз-У” зымыран тасығышы «Ресурс-ДК» ғарыштық аппаратын алып ұшады. Самарадағы «Прогресс» конструкторлық бюросында жасалған «Ресурс-ДК» жер серігі Жерге қашықтан зонд жүргізуге, нысандардың суретін сапалы түсіруге арналған.
18-маусымда “Протон-К” зымыран тасығышы Қазақстанның тұңғыш жер серігі – “ҚазСатты” алып ұшады. Ұшырылымды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ президенті Владимир Путин қадағалайды.
24-маусымда Гагарин стартынан «Союз-У» зымыран тасығышы мен «Прогресс М-57» жүк кораблі ғарышқа жол тартады. Жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына отын, азық-түлік, су және ғылыми жабдықтарды жеткізеді.
Маусымның 20-шы жұлдызында ҚР Қорғаныс министрлігінің мүддесіне “Циклон-2” зымыран тасығышы “Космос“ сериялы жер серігін алып ұшады.
Маусымның 28-інен 29-ына қараған түні құрлықаралық “Днепр” баллистикалық зымыраны бірнеше жер серігін ғарыш кеңістігіне шығарады. Атап айтсақ, ол Жерге қашықтан зонд жүргізуге арналған Беларусьтің “БелКа”, сондай-ақ, «УниСат-4» және «CubSat» жер серіктерін алып ұшады.
“Байқоңырдан бұған дейін 2000-жылы ғана бір айда бес бірдей ғарыштық ұшырылым болған. Ал осы жолы біл іс бас-аяғы екі аптада жүзеге асырылмақшы. Бұл — өзіндік реклорд”,- деп хабарлайды ғарыштық орталықтың баспасөз қызметі.