Қауіпсіздік мақсатында Шымкенттегі хайуанаттар бағына жеткізілген бұхараның бес бұғысы питомникке жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қауіпсіздік мақсатында Шымкенттегі хайуанаттар бағына жеткізілген бұхараның бес бұғысы питомникке жіберілді

Қауіпсіздік мақсатында Шымкенттегі хайуанаттар бағына жеткізілген бұхараның бес бұғысы питомникке жіберілді

ШЫМКЕНТ. 5-маусым. Kazakhstan Today. Қауіпсіздік мақсатында Шымкенттегі хайуанаттар бағына жеткізілген бұхараның бес бұғысы питомникке жіберілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне хайуанаттар бағының ғылыми бөлімінің меңгерушісі Латиф Әлиев хабарлады.

  • 5 Маусым 2006
  • 529
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бұғылар былтыр тасқын қаупіне байланысты питомник аумағынан хайуанаттар бағына жеткізілген.

Барлығы 12 хайуан жеткізілуге тиіс болған. Алайда олардың жетеуін ұстау мүмкін болмай отыр. “Жануарларды ұйықтататын оқтармен атқан. Әйтсе де жетеуі атқаннан кейін ұйықтамай қойған. Қайтадан ондай оқпен ату хайуанаттар үшін зиянды. Мұндай процедура 5-6 айда бір рет қана жүргізілуге тиіс”, деді Л.Әлиев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2001-жылы тағы табиғатты қорғау жөніндегі Халықаралық қордың көмегімен бұхараның бұғыларының санын арттыру жұмыстары қолға алынған болатын. Осыған байланысты жасақталған Түркістан питомнигіне алты бұғы жеткізіліп, олар жаңа популяцияның негізін қалады. 2005-жылы олардың саны 9 басқа жеткен. Алайда, Сырдариядағы қысқы су тасқыны питомникке қауіп төндіргендіктен, бұғылар Шымкенттегі хайуанаттар бағына жеткізілді.

Перейти к новостям спорта