Батыс Қазақстан облысында республикалық трансферттердің тең жартысынан астамы игерілмей қалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысында республикалық трансферттердің тең жартысынан астамы игерілмей қалуда

Батыс Қазақстан облысында республикалық трансферттердің тең жартысынан астамы игерілмей қалуда

ОРАЛ. 6-маусым. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысында республикалық трансферттердің тең жартысынан астамы игерілмей қалуда. Бұл туралы әкімшілікте өткен кеңесте Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Маусым 2006
  • 418
Фото - Caravan.kz

Мұндай жағдай Орал мен бірқатар аудандарда коммуналдық тұрғын үйлерді салуға бағытталған тендерлердің дер кезінде жүргізілмеуіне байланысты, деді әкім.

Облыстық бюджет қаржысы да толық көлемде игерілмей отыр.

Бюджет қаржысының дер кезінде игерілмеу себептерін облыс басшысы бюджеттік жоспарлаудағы қателіктермен, бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктерінің баяулығымен байланыстырады. Шығындарды қаржыландыруда басымдықтар сақталмай отыр, деді ол.

Н.Әшімов осы орайда бөлінген қаржының бірінші кезекте білім беру, денсаулық сақтау, су қамтамсыздығын дамыту мен тұрғын үй құрылысына бағытталуы тиіс екенін ескертті.

Перейти к новостям спорта