Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қалалық “Жедел жәрдем” қызметінің диспетчері дәрігерлердің соққыға жығылған 32 жастағы жігітті “Болашақ” базарынан қалалық 7-ші ауруханаға жеткізгенін хабарлайды. Заря Востока ауылында тұратын әлгі жігіт аурухананың реанимация бөлімшесінде қайтыс болған.
Қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері мен “Боран-143“ күзет экипажының мүшелері шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде базардың 31 жастағы күзетшісін ұстады. Ол Алматы облысының Жамбыл ауданында тұрады. “Тұтқынның айтуынша, қайтыс болған жігіт пен әлгінің арасында кикілжің шыққан. Соның салдарынан күзетші оны қатты сабап тастайды”, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі.
Қазір күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.