Президент Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі келісімге маусым айында қол қоюға ниет білдіріп отырғанын растады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Қазақстан мұнайын  Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі келісімге маусым айында қол қоюға ниет білдіріп отырғанын растады

Президент Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі келісімге маусым айында қол қоюға ниет білдіріп отырғанын растады

АЛМАТЫ. 8-маусым. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі келісімге маусым айында қол қоюға ниет білдіріп отырғанын растады. Бұл туралы мемлекет басшысы бүгін Алматыда ІІІ инвестициялық саммит барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 8 Маусым 2006
  • 365
Фото - Caravan.kz

“Ағымдағы айда біз Әзербайжан үкіметімен арадағы Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі келісімге қол қоямыз. Келісімге Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының 17-маусымдағы саммиті аясында қол қойылмақшы”,- деді Н.Назарбаев.

“Мұнай тасымалдау мәселесінің Қазақстан үшін маңызы зор. Қазақстан үшін бірінші жоба — Солтүстік Каспий мұнай құбырын (КТК) дамытып, оның қуатын қазіргі 23 млн. тоннадан 60 млн. тоннаға жеткізу. Екіншісі – Ресей арқылы Балтық аймағына жететін құбыр жобасы. Өздеріңізге мәлім, былтыр Қытайға дейінгі мұнай құбыры салынды. Қазір Қытайға дейін газ құбырын тарту мәселесі қарастырылып жатыр”, деді президент.

Перейти к новостям спорта