Сонымен бірге Г.Рапотаның айтуынша, қазір мемлекетаралық шикізаттық бағдарламалардың жобасын жасап жүзеге асыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. «біздің пікірімізше, мемлекетаралық шикізаттық бағдарламалардың жобасын жасап қабылдау өзара инвестициялық іс-шараларды дамытуға, дамыған елдерден инвестициялар тартуға қуатты серпін береді»,- деді ЕурАзЭҚ бас хатшысы.
«Бұл мақсатты жүзеге асыруға жуырда құрылған Еуразиялық даму банкі көмектеседі»,- деді ол. Банкті Қазақстан мен Ресей бірлесіп құрғаны белгілі. «Ол ЕурАзЭҚ аумағында инвестициялық шараларды ұйыдастыруға қолдау көрсету үшін құрылғаны белгілі».
Бұдан бұрын да хабарғанымыздай, Еуразиялық даму банкін құру туралы келісімге Қазақстан мен Ресей 2006-жылдың 12-қаңтарында Астанада қол қойды.
Құрылатын банктің бас пәтері Алматыда орналасады деп күтілуде. Банктің жарғылық капиталы 1500 млн. долларды құрайды. Банктің жарғылық капиталындағы үлестің 1/3 бөлігі Қазақстанға, 2/3 бөлігі Ресейге тиесілі болмақ.
Келісімнің бір ажырамас құрамды бөлігі болып табылатын банк жарғысына сәйкес мекеме кез-келген сот тарапынан қудалауға қарсы иммунитетке ие болмақ. Бірақ құжатта атап көрсетілгеніндей, банктің өкілеттілігін жүзеге асырудың салдары болып табылмайтын немесе осынау құқықтарды жүзеге асыруға байланысты емес жағдайларда иммунитет сақталмайды.
Жарғы бойынша банк нақты қызмет көрсету түрлерінің төлемі сипатындағы төлемдерден басқа кез-келген салық, алым, баж салығы мен басқа да төлемдерден босатылады.