Байқоңыр ғарыш айлағына Еуропаның Metop аталатын жер серігін ұшыруға арналған “Фрегат” үдеткіш блогы жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңыр ғарыш айлағына Еуропаның Metop аталатын  жер серігін ұшыруға арналған   “Фрегат” үдеткіш блогы жеткізілді

Байқоңыр ғарыш айлағына Еуропаның Metop аталатын жер серігін ұшыруға арналған “Фрегат” үдеткіш блогы жеткізілді

БАЙҚОҢЫР. 8-маусым. Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарыш айлағына Еуропаның Metop аталатын жер серігін ұшыруға арналған “Фрегат” үдеткіш блогы жеткізілді. Ол ұшырылым кезінде “Союз-2” зымыранымен бірге пайдаланылады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігі “Роскосмос“ Федералдық агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 8 Маусым 2006
  • 437
Фото - Caravan.kz

“Үдеткіш блок ғарыш айлағының 31-ші алаңына жеткізілді. Ертең ол контейнерден түсіріліп, ұшырылымға дайындау үшін камерадағы жұмыс орнына орнатылады”,- деді О.Урусов.

ЕUMETSAT халықаралық ұйымына қарасты Metop деп аталатын метеорологиялық аппарат шілденің ортасында ұшырылады деп күтілуде. Жер серігі “Союз-2“ зымыран-тасығышымен және “Фрегат” үдеткіш блогымен ұшырылады.

Перейти к новостям спорта