Әзербайжан, Қазақстан және Ресей елдері Каспийдегі табиғат қорғау іс-қызметіне аудит жүргізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан, Қазақстан және Ресей елдері Каспийдегі табиғат қорғау іс-қызметіне аудит жүргізеді

Әзербайжан, Қазақстан және Ресей елдері Каспийдегі табиғат қорғау іс-қызметіне аудит жүргізеді

БАКУ. 9-маусым. Kazakhstan Today. Ресей мен Әзербайжанның Есеп палаталары мен Қазақстан қаржы министрлігінің жанындағы Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитеті Каспий теңізінің судағы биологиялық ресурстардың, сондай-ақ, бекіре тұқымдас балықтарды қорғау, сақтау, қалпына келтіру мен тиімді пайдалануға бағытталатын қаржының пайдаланылу тиімділігіне бір уақытта тексеру жүргізуге шешім қабылдады.

  • 9 Маусым 2006
  • 563
Фото - Caravan.kz

Kazakhstan Today тілшісіне Әзербайжанның Есеп палатасынан хабарлағанындай, тексерулер 2006-жылдың қараша айында аяқталады деп күтілуде. Әзербайжанның Есеп палатасы Каспий теңізінің Әзербайжанға қарасты бөлігінде бекіре тұқымдас балықтарды сақтау және олардың санын арттыруға арнап бөлінген бюджет қаржысының негізділігін, шарттары мен көлемін; аталған қаржының мақсатты пайдаланылу жағдайын; бекіре тұқымдас балықтарды сақтау және олардың санын арттырумен шұғылданатын кәсіпорындар мен ұйымдардың билігіндегі мемлекеттік меншіктің пайдаланылу жағдайын; Каспий теңізінің Әзербайжанға қарасты бөлігінде бекіре тұқымдас балықтарды сақтау және олардың санын арттыруға бағытталған шаралардың тиімділігін; бекіре тұқымдас балықтарды қорғау саласындағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін анықтамақшы.

Әзербайжан, Қазақстан және Ресей елдерінің жоғарғы қаржылық бақылау органдары бір уақыттағы тексеру барысында өз өкілеттіліктері аясында ықпалдастық орнатуға, қажетті ақпараттармен алмасуға, үйлестіру мақсатында кеңестер өткізуге, сондай-ақ, тексерулердің қорытындысын талқылау үшін консультациялар өткізуге келісті.

Перейти к новостям спорта