Бішкекте 400 грамм героинмен Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте 400 грамм героинмен Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды

Бішкекте 400 грамм героинмен Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды

БІШКЕК. 9-маусым. Kazakhstan Today. Бішкекте арнаулы операцияның нәтижесінде Қазақстанның Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды, одан 400 грамм героин тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстанның есірткіге бақылау қою жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап.

  • 9 Маусым 2006
  • 347
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, тінту кезінде тұтқыннан ішінде ұнтақ заты бар бума табылды. Сараптама нәтижесінде оның героин екені анықталды.

44 жастағы жігіт бұдан бұрын да сотталған. Бұл дерек бойынша тергеу жүргізілуде.