2006/07 оқу жылында жоғары білім игерген мамандарға мемлекеттік тапсырыс 32,5 мың грантқа тең болмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006/07 оқу жылында жоғары білім игерген мамандарға мемлекеттік тапсырыс   32,5 мың грантқа тең болмақ

2006/07 оқу жылында жоғары білім игерген мамандарға мемлекеттік тапсырыс 32,5 мың грантқа тең болмақ

АСТАНА. 9-маусым. Kazakhstan Today. 2006/07 оқу жылында жоғары білім игерген мамандарға мемлекеттік тапсырыс 32,5 мың грантқа тең болмақ. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында республиканың білім және ғылым министрінің орынбасары Хафиза Өтеулина құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 9 Маусым 2006
  • 484
Фото - Caravan.kz

“Былтырғы жылмен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыс көлемі 1280-ге артып, 32 490 грант тағайындалып отыр”,- деді Х.Өтеулина. Оның айтуынша, мемлекеттік тапсырыстың 30 процентінен астамын техникалық мамандықтар иемденеді. Медициналық мамандықтарға да қосымша гранттар бөлінді.

Қазақ тілінде білім алғандарға арналған гранттар көлемі 60, орыс тілінде білім алғандарға арналған көлем 40 процентті құрайды. Қазақстан азаматы болып табылмайтын, қазақ балаларды оқуға қабылдауға арналған 2 проценттік, жетімдер мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 1 проценттік, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, тумысынан мүгедектер мен мүгедек балаларға арналған 0,5 проценттік квота сақталумен бірге, ауыл мектептерін бітірген балаларға арналған 30 проценттік квота сақталып отыр.

2006/07 оқу жылында магистрлерді дайындауға 2550, соның ішінде “медицина” мамандығы бойынша 50, техникалық мамандықтар бойынша 555 грант бөлінбек. Жоғары оқу орнынан кейін аспирантурада кәсіби білім игеруге мемлекеттік тапсырыс 833 орынға бөлінсе, сонымен бірге мемлекеттік тапсырыс бойынша PhD докторларын дайындауға 100 орын бөлінді.

Перейти к новостям спорта