Павлодарда “Бригада” фильмі жазылған бейнетаспаны қайтармағаны үшін 19 жастағы бозбаланы өлтірген қылмыскер сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда “Бригада” фильмі жазылған бейнетаспаны қайтармағаны үшін 19 жастағы бозбаланы өлтірген қылмыскер сотталды

Павлодарда “Бригада” фильмі жазылған бейнетаспаны қайтармағаны үшін 19 жастағы бозбаланы өлтірген қылмыскер сотталды

ПАВЛОДАР. 9-маусым. Kazakhstan Today. Павлодар облыстық соты облыс орталығының 43 жастағы тұрғынын “Бригада” фильмі жазылған бейнетаспаны қайтармаған 19 жастағы бозбаланы өлтіргені үшін 24 жылға қатаң тәртіпті абақтыға айдау туралы үкім шығарды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық прокуратурадан хабарлады.

  • 9 Маусым 2006
  • 419
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, айыпкер осы ақпан айында “Бригада” атты көп сериялы фильм жазылған бейнетаспаны алу үшін жігіттің үйіне келген. Ол 4 ай бойы бейнетаспасын қайтарып ала алмапты. Пәтерде жігітпен бірге оның 30 жастағы жолдасы отырған. Бейнетаспаның жоғалып кеткенін естіген еркек пәтердің қожайынын шолақ мылтықпен атып өлтіріп, оның жолдасын иығынан жаралап, оқиға орнына қашып кеткен, деп хабарлайды прокуратура.

Облыстық сот айыпкердің үстінен қылмыстық кодекстің 4 бабы бойынша үкім шығарды. Атап айтсақ, оған заңсыз қару жасау, қаруды заңсыз сатып алу, заңсыз қару алып жүру, кісі өлтіру және кісі өлтіруге әрекет жасау жөнінде айыптар тағылды.
Прокуратураның нақтылауынша, сотталған еркек бұған дейін де екі мәрте істі болған: ол кісі зорлағаны үшін 5 жылға, қасақана кісіөлтіргені үшін 8 жылға бс бостандығынан айрылыпты.

Перейти к новостям спорта