Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жеке меншік сектор шешуші роль атқаруға тиіс - Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жеке меншік сектор шешуші  роль атқаруға тиіс - Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жеке меншік сектор шешуші роль атқаруға тиіс - Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті

АЛМАТЫ. 9-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жеке меншік сектор шешуші роль атқаруға тиіс. Бұл туралы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер бүгін Алматыда шетелдік инвесторлар кеңесінің 15-жалпы мәжілісінде атап көрсетті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 10 Маусым 2006
  • 520
Фото - Caravan.kz

Ж.Лемьер еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте біршама ілгерілеушілікке қол жеткізгенін атап өтті. “Біз шикізат өндіруші саладағы ашықтық туралы бастаманы баршамыз қолдаймыз. Сонымен бірге мемлекеттік холдингтік компанияларды құру – осы бағыттағы маңызды қадам болып табылады”,- деді ол.

Дейтұрғанмен, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейте түсу қажет деп санайды. “Бұл істе жеке меншік сектор шешуші роль атқаруға тиіс. Тиімді басқарудың да маңызы зор”,- деді Ж.Лемьер.

Перейти к новостям спорта