“Электронды парламенттің” негізі қазір БҰҰ Даму бағдарламасының парламенттің іс-қызметін қолдау жобасының аясында қаланады”,- деді Б.Әбділдина. “Бұл жобаның аясында екі пилотты аймақ – оңтүстік пен шығысты парламенттік желіге қосу жұмыстары қаржыландырылады”.
БҰҰ Даму бағдарламасының Астанадағы кеңсесінің жетекшісі хабарлағанындай, құны 0,5 млн. доллар болып табылатын аталмыш жоба қаңтар айында іске қосылған және ол 3 жылға есептелген. “Жобада мәжіліс пен сенатты бірдей қолдауға бағытталған түрлі шаралар қарастырылған”,- деді ол. “Биыл жоба аясындағы шаралар негізінен мәжілістің жанындағы қоғамдық палатаның іс-қызметіне бағытталады”.
Жоба аясында Қазақстанда 2006-жылдың қазан айында дүниежүзі парламенттерінің жанындағы қоғамдық палаталардың іс-қызметіне аналған халықаралық конференция өткізу, сондай-ақ, “нәтижелерін парламент депутаттары, қоғамдық сарапшылар палатасының өкілдері мен еліміздегі бейресми ұйымдар пайдалана алатын әлеуметтік зерттеулерді қаржыландыру” межеленіп отыр.