Білім министрі ғылымды қаржыландыру көлемін Жалпы ішкі өнімнің 1,5- 2 процентіне дейін жеткізу қажет деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрі ғылымды қаржыландыру көлемін Жалпы ішкі өнімнің 1,5- 2 процентіне  дейін жеткізу қажет деп санайды

Білім министрі ғылымды қаржыландыру көлемін Жалпы ішкі өнімнің 1,5- 2 процентіне дейін жеткізу қажет деп санайды

АСТАНА. 12-маусым. Kazakhstan Today. Республиканың білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімова ғылымды қаржыландыру көлемін Жалпы ішкі өнімнің 1,5- 2 процентіне дейін жеткізу қажет деп санайды. Бұл туралы ол бүгін парламенттегі үкіметтік сағат барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 12 Маусым 2006
  • 599
Фото - Caravan.kz

“Ғылымды қаржыландыру көлемін дүниежүзіндегі дамушы елдердің басым бөлігіне тән Жалпы ішкі өнімнің 1,5- 2 процентіне дейін жеткізу – Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді”,- деді министр. Оның айтуынша, 2000-жылдан бері Қазақстанда “ғылымды қаржыландыру көлемінің ұлғая түсу ағымы байқалып отыр. Ғылым саласына жұмсалатын шығын көлемі Жалпы ішкі өнімге шаққанда 2000-жылғы 0,08 проценттен 2006-жылы 0,26 процентке дейін ұлғайды”,- деді Б.Әйтімова.

“Сарапшылардың пікірінше, 5-7 жыл бойына ғылыми зерттеулерге жұмсалған шығындар Жалпы ішкі өнімнің 1 процентінен аспай келген жағдайда елдің ғылыми-техникалық әлеуеті біржола күйреуі мүмкін”, деді Б.Әйтімова. Оның айтуынша, Жапония мен Финляндияда ғылымды қаржыландыру көлемі жыл сайын Жалпы ішкі өнімнің 2,2 процентін құраса, АҚШ-та 2,7, Оңтүстік Кореяда 2,6 процентті құрайды екен.

Перейти к новостям спорта