“Арыстан” арнаулы бөлімшесінің басқарушыларының құрамы жаңартылып, 20 әскери қызметкер қайтадан қызметке келу құқығынсыз жұмыстан шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Арыстан” арнаулы бөлімшесінің басқарушыларының құрамы жаңартылып, 20 әскери қызметкер қайтадан қызметке келу құқығынсыз жұмыстан шығарылды

“Арыстан” арнаулы бөлімшесінің басқарушыларының құрамы жаңартылып, 20 әскери қызметкер қайтадан қызметке келу құқығынсыз жұмыстан шығарылды

АЛМАТЫ. 13-маусым. Kazakhstan Today. “Арыстан” арнаулы бөлімшесінің басқарушыларының құрамы жаңартылып, 20 әскери қызметкер қайтадан осы саладағы қызметке келу құқығынсыз жұмыстан шығарылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК-нің төрағасы Амангелді Шабдарбаев “Мегаполис” газетіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Маусым 2006
  • 674
Фото - Caravan.kz

Әскери қызметкерлері саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге қатысы бар болып шыққан “Арыстан” арнаулы бөлімшесіне қатысты қабылданған шаралар туралы журналист сауалына жауап берген А.Шабдарбаевтың айтуынша, “маман таңдау ісін ұйымдастыруда жіберілген күрделі қателіктер мен кемшіліктерді, сондай-ақ, комитеттің маман таңдау департаментінің басшылығы тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығын ескере отырып, бірқатар нақты шаралар қолданылды”. “Қазіргі жағдаймен “Арыстан” арнаулы бөлімшесінің басқарушыларының құрамы жаңартылып, 20 әскери қызметкер аттестациялау нәтижесінде қайтадан қызметке келу құқығынсыз жұмыстан шығарылды. “Арыстан” арнаулы бөлімшесінің жетекшісі болып басқарушы қызметкерлер резервінде болған, оперативтік және маман таңдау істері бойынша ауқымды тәжірибе жинақтаған офицер тағайындалды”,- деді ҚР ҰҚК-нің төрағасы осы орайда “Арыстан” арнаулы бөлімшесінің жаңа жетекшісінің аты-жөнін атамай.

Сонымен бірге А.Шабдарбаевтың айтуынша, “қызмет барысындағы әскери тәртіпке қатысты мәселелер қатаң бақылауға алынды. Ішкі қауіпсіздік қызметі нығайтылып, онда да жаңа басшы тағайындалды. ҰҚК органдарының қызметкерлерін аттестациялау тәртіптері күшейтілді. Бұл іске жүрді-барды қарауға тыйым салынды”,- деді комитет төрағасы.

Перейти к новостям спорта