Ресей президенті Шанхай ынтымақтастығы ұйымының энергетикалық клубын құруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей президенті Шанхай ынтымақтастығы ұйымының энергетикалық клубын құруды ұсынды

Ресей президенті Шанхай ынтымақтастығы ұйымының энергетикалық клубын құруды ұсынды

АЛМАТЫ. 15-маусым. Kazakhstan Today. Ресей президенті Владимир Путин Шанхай ынтымақтастығы ұйымының энергетикалық клубын құруды ұсына отырып, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының шеңберіндегі жекелеген экономикалық жобаларға Ресейдің несие беру мүмкіндігін жоққа шығармады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Ресейдің “Новости” ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 15 Маусым 2006
  • 338
Фото - Caravan.kz

“Ұйым қазір келешегі бар экономикалық жобаларды белсенді жүзеге асыра бастайтындай ұйымдастырушылық-құқықтық құрылымға ие”, деді Ресей президенті Шанхай ынтымақтастығы ұйымының мемлекет басшылары кеңесінің отырысында.

В.Путин Шанхай ынтымақтастығы ұйымының энергетикалық клубын құруды, көлік және коммуникациялар саласындағы ықпалдастықтар аясын кеңейтуді өзекті деп санайтынын мәлімдеді. Ресей бұл орайда ұйымының шеңберіндегі жекелеген экономикалық жобаларға несие бөлу мүмкіндіктерін де қарастыруда.

Президенттің пікірінше, экономикалық ынтымақтастықтағы жаңаша мүмкіндіктер Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Іскерлік кеңесі мен банкаралық бірлестігін құруға жол ашып отыр.

Перейти к новостям спорта