Шымкентте елімізге заңсыз келген Молдованың 35 азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте елімізге заңсыз келген Молдованың 35 азаматы ұсталды

Шымкентте елімізге заңсыз келген Молдованың 35 азаматы ұсталды

ШЫМКЕНТ. 15-маусым. Kazakhstan Today. Шымкентте көші-қон полициясының қызметкерлері елімізге заңсыз келген Молдованың 35 азаматын ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Маусым 2006
  • 345
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, араларында төрт әйел, 9 бала мен 22 еркек бар молдовалықтар төлқұжат тәртібін тексеруге бағытталған рейд барысында ұсталды. Ұсталғандардың бәрінде де көші-қон карточкасы болмай шыққан. Шымкентке келу себебін олар қонаққа, сауда-саттық мақсатында және жұмыс істеуге келдік деп түрлі себептермен байланыстыра түсіндірген.

Kazakhstan Today агенттігіне облыстық көші-қон полициясы бастығының орынбасары Балтабек Абылаевтың хабарлауынша, ұсталғандардың бәрі өз есебінен Молдоваға қайтарылды.

Перейти к новостям спорта