Байқоңырдан “Союз-У” зымыран тасығышы “Ресурс ДК-1” жер серігін алып ұшты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан “Союз-У” зымыран тасығышы “Ресурс ДК-1” жер серігін алып ұшты

Байқоңырдан “Союз-У” зымыран тасығышы “Ресурс ДК-1” жер серігін алып ұшты

БАЙҚОҢЫР. 15-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан “Союз-У” зымыран тасығышы “Ресурс ДК-1” жер серігін алып ұшты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Маусым 2006
  • 426
Фото - Caravan.kz

“Жергілікті уақытпен 14 сағатта ғарыш айлағының №1 алаңынан “Союз-У” зымыран тасығышы “Ресурс ДК-1” жер серігін алып ұшты. Ұшырылым табысты жүзеге асырылды”,3 дп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Самарадағы «Прогресс» конструкторлық бюросында жасалған «Ресурс-ДК» жер серігі Жерге қашықтан зонд жүргізуге, нысандардың суретін сапалы түсіруге арналған. «Ресурс-ДК» жер серігінен алынатын ақпарат түрлі ғылыми және шаруашылық мақсаттарды шешу, соның ішінде техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды шұғыл қадағалау үшін, олардың залал-зардабын жою шараларын тиімді жоспарлау мен дер кезінде өткізу мақсатында пайдалануға болады. Жер серігі үш жыл қызмет етеді деп күтілуде.

“Нәтижесіне тек Ресейлік қана емес, сонымен бірге Италия, Германия мен Швециялық зерттеушілер қызығушылық танытып отыр. Жер серігі негізінен жердің бетін зерттеуге арналған. Оның көмегімен зілзалалар аумағын қадағалауға болады”, деп хабарлайды Федералдық ғарыш агенттігі.

Перейти к новостям спорта