Шанхай ынтымақтастығы ұйымы СІМ-нің кеңесіне ұйымға жаңа елдерді мүшелікке қабылдау критерийлерін келісу тапсырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай ынтымақтастығы ұйымы СІМ-нің  кеңесіне ұйымға жаңа елдерді мүшелікке қабылдау критерийлерін келісу тапсырылды

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы СІМ-нің кеңесіне ұйымға жаңа елдерді мүшелікке қабылдау критерийлерін келісу тапсырылды

АСТАНА. 15-маусым. Kazakhstan Today. Шанхай ынтымақтастығы ұйымы СІМ-нің кеңесіне ұйымға жаңа елдерді мүшелікке қабылдау критерийлерін келісу тапсырылды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінің қорытындысы бойынша журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Маусым 2006
  • 395
Фото - Caravan.kz

“Шанхай ынтымақтастығы ұйымына жаңа елдерді мүше және бақылаушы ретінде қабылдау процедураларын жетілдіруге баса назар аударылды. Халықаралық қоғамдастық тарапынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымына деген қызығушылық арта түскен қазіргі жағдайда бұл мәселенің өзектілігі артып отыр”,- деді Н.Назарбаев. “Осыған байланысты СІМ-нің кеңесіне ұйымға жаңа елдерді мүшелікке қабылдау критерийлері мен ұстанымдарды келісу тапсырылды”,- деді президент.

Шанхай Ынтымақтастығы ұйымы 2001-жылдың маусым айында құрылған. Ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан тәрізді 6 мемлекет біріккен. Иран, Пәкістан, Монғолия, Ауғанстан және Үндістанға Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жанындағы бақылаушы мәртебесі берілді.
Бүгінгі мерейтойлық саммит барысында Үндістан мен Пәкістан Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүшелікке өтуге пейіл білдірді.

Перейти к новостям спорта