Әзербайжан президенті Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының саммитіне қатысу үшін Алматыға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан президенті Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының саммитіне қатысу үшін Алматыға келді

Әзербайжан президенті Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының саммитіне қатысу үшін Алматыға келді

АЛМАТЫ. 16-маусым. Kazakhstan Today. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының саммитіне қатысу үшін Алматыға келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 16 Маусым 2006
  • 427
Фото - Caravan.kz

“Ильхам Әлиев мінген ұшақ Алматы әуежайына 12 сағат 35 минутта келіп қонды, Әзербайжан президенті саммитке қатысушылардан бірінші болып елімізге келді”, деп хабарлайды СІМ-нің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазіргі жағдаймен Ресей, Қытай, Әзербайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан және Таиланд мемлекет басшылары Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының 2-саммитіне қатысатынын растады.

Израиль, Монғолия және Түркиядан үкімет басшыларының орынбасарлары, Үндістаннан үкімет басшысының арнаулы өкілі деңгейінде делегациялар қатыспақ. Корея Республикасын ұйымға мүше ретінде қабылдау көзделген. Бақылаушы ел ретінде Украинадан алғаш рет жоғары деңгейлі өкіл қатысқалы отыр.

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңес құру туралы бастаманы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген. Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңеске мүше-елдердің мемлекет және үкімет басшыларының тұңғыш саммиті 2002-жылдың маусым айында Алматыда өтті.

Ұйымға Ауғанстан, Әзербайжан, Египет, Үндістан, Израиль, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Мысыр тәрізді 16 мемлекет қамтылады. Ұйымға бақылаушы мәртебесіне Малайзия, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Индонезия, Украина, Вьетнам елдері мен БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Араб елдеоінің лигасы сынды бірқатар халықаралық ұйымдар ие болған.

Перейти к новостям спорта