Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуінде бірқатар құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуінде бірқатар құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда

Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуінде бірқатар құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда

АЛМАТЫ. 17-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің екі жақты кездесуінде бірқатар құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Маусым 2006
  • 442
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында екі ел президенті бірлескен мәлімдеме қабылдайды. Сонымен бірге РФ ақпараттық технологиялар және байланыс министрлігі мен Қазақстанның ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Бүкіләлемдік нөмірлеу жүйесінің жетінші зонасының нөмірлерін пайдалану туралы келісімге қол қояды.

2005-жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 9,5 млрд. доллардан асты. Қазақстанның жалпы тауар айналымы көлемінде Ресейдің үлес салмағы 25 проценттен жоғары. Қазір Қазақстанда екі елдің 1500-ден астам бірлескен кәсіпорындары тіркелген.

Перейти к новостям спорта