Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

АСТАНА. 20-маусым. Kazakhstan Today. Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Маусым 2006
  • 433
Фото - Caravan.kz

Отырысқа сенаттың 36, мәжілістің 64 депутаты қатысып отыр. “Қажетті кворум қалыптасты”, деді отырысты ашқан мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов.

Бірлескен отырыстың күн тәртібіне сегіз мәселе қамтылған. Атап айтсақ, депутаттар “Сайлау туралы“ конституциялық заң мен “Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы” конституциялық заңға енгізілетін түзетулерді қарайтын мерзімді айқындауға тиіс.

Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов депутаттар алдында “Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылық ахуалы туралы” баяндама жасайды.

Сонымен бірге парламентшілер үкімет пен есеп комитетінің 2005-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебі мен “2006-жылға арналған республикалық бюджет туралы” заңға енгізілетін өзгерістерді алғашқы оқылымда қарайды.

Перейти к новостям спорта