Жұмыс тобы Қазақстанда Атом электр станциясын салу жөніндегі ұсынысты үкіметке 2006-жылдың аяғына дейін енгізбекші - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жұмыс тобы Қазақстанда Атом электр станциясын салу жөніндегі ұсынысты үкіметке 2006-жылдың аяғына дейін  енгізбекші

Жұмыс тобы Қазақстанда Атом электр станциясын салу жөніндегі ұсынысты үкіметке 2006-жылдың аяғына дейін енгізбекші

АЛМАТЫ. 20-маусым. Kazakhstan Today. Жұмыс тобы Қазақстанда Атом электр станциясын салу жөніндегі ұсынысты үкіметке 2006-жылдың аяғына дейін енгізбекші. Бұл туралы бүгін өткен қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Қайрат Қадіржанов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Маусым 2006
  • 1171
Фото - Caravan.kz

Қ.Қадіржанов премьер-министр Даниал Ахметовтың басқаруымен Қазақстанда ядролық энергетиканың негізін қалау, Атом электр станциясын салу мүмкіндіктерін зерттеу жөніндегі жұмыс тобы құрылғанын еске салды.

“Мәселе жан-жақты қаралуда. Станцияның орналасатын жері мен қуатына қатысты мәселелер егжей-тегжейлі саралануда. Қазір Атом электр станциясын салудың үш үлгісі қаралып жатыр. Біріншісі – Ақтауда бұрынғы БН-350 реакторының орнына салу туралы ұсыныс. Екіншісі – Оңтүстік Қазақстан облысында салу. Республиканың оңтүстігінде энергетикалық проблемалар аса күрделі. Үшінші ұсыныс станцияны Курчатовта салу туралы”,- деді Қ.Қадіржанов.

Атом электр станциясының қуаты туралы сауалға жауап берген Қ.Қадіржановтың айтуынша, егер станция Ақтауда салынса, онда шамамен 250-300 мегаватт қуат өндіретін блок, ал Оңтүстік Қазақстан облысында 1 мың мегаватт, Курчатовта 300 мегаватт қуат өндіретін станция салу қажет.

“Егер Атом электр станциясы салынатын болса, мемлекет оның жалпы құнының 30-40 проценті көлемінде инвестиция бөлуі мүмкін. Қуаты 300 мегаватт болатын бір блоктың құны 0,8 млрд. долларға тең”. “Ол үшін инвесторлардлы іздеу керек. Әзірге бұл бағытта тіпті алдын-ала келіссөздер де жүргізілген жоқ”,- деді Қ.Қадіржанов.
Бұған дейін Атом электр станциясы үшін блок сатып алу туралы ұсыныс Қазақстанға Ресей, Жапония және АҚШ-тан келіп түсті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Балхашта Атом электр станциясын салу туралы ұсынысты В.Школьник республиканың білім және ғылым министрі болып тұрған тұста, 1997-жылы жасаған. ҚР атом энергиясын таратпау жөніндегі институтының ғалымдары станция салатын жрді де тауып, іргетасы қалаған болатын. Алайда, электр станциясын салу жөніндегі жобаны тоқтатып қоюға байланысты құрылыс жұмыстары аяқсыз қалды.

Перейти к новостям спорта