БАҚ туралы заңға мәдениет және ақпарат министрлігі ұсынған түзетулерді енгізу Қазақстаннның ЕҚЫҰ-ына төраға болу туралы талпынысын ілгерілетпейді – Ордвей - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАҚ туралы заңға мәдениет және ақпарат министрлігі ұсынған түзетулерді енгізу  Қазақстаннның ЕҚЫҰ-ына төраға болу туралы талпынысын ілгерілетпейді – Ордвей

БАҚ туралы заңға мәдениет және ақпарат министрлігі ұсынған түзетулерді енгізу Қазақстаннның ЕҚЫҰ-ына төраға болу туралы талпынысын ілгерілетпейді – Ордвей

АЛМАТЫ. 21-маусым. Kazakhstan Today. БАҚ туралы заңға мәдениет және ақпарат министрлігі ұсынған түзетулерді енгізу Қазақстаннның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болу туралы талпынысын ілгерілетпейді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы АҚШ елшісі Джон Ордвей пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 21 Маусым 2006
  • 646
Фото - Caravan.kz

“Меніңше, БАҚ туралы заңға мәдениет және ақпарат министрлігі ұсынған түзетулер Қазақстанда тәуелсіз баспасөзді дамытуда бір адым кейін қарай жасалған қадам болып табылады”,- деді Д.Ордвей. “Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының БАҚ тәуелсіздігі жөніндегі өкілінің жуырда айтқан ескертпелері дұрыс әрі дәлме-дәл болып табылады және ол біздің көзқарасымызды да білдіреді”,- деді елші.

“Ал Қазақстандағы көзқарастар қарама-қайшы. Баспасөз саласында істейтін түрлі ұйымдармен көптеген кездесулер мен сұхбаттар өткізілді”,- деді ол. “Әрине бұл Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болу туралы талпынысын ілгері бастырмайды”,- деді Джон Ордвей.

Перейти к новостям спорта