А.Лукашенко мамыр айында үкімет басшылары Минск қаласында ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің нарығында тауар айналымының біртұтас белгісін пайдалану туралы келісім мен тауарларды үшінші елдерге транзитті тасымалдауда кедендік төлемдердің төленуін қамтамасыз ету жөніндегңі шартқа қол қойғанын атап өтті. А.Лукашенконың пайымдауынша, бұл құжаттарды қабылдау сауда-саттықты дамытуда кездесіп отырған бірқатар техникалық кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.
Беларусь президенті Көлік лодағын құру мақсатымен ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің темір жол бекеттері арасында жүк тасымалдаудың темір жол тарифтерін қалыптастыру мен қолданудың ортақ принциптері, сондай-ақ, жүк тасымалына азайтушы коэффицентер мен тарифтік толассыз ставкаларды белгілеу тәртіптері бекітілгенін атап өтті. Осынау рамкалы құжаттар, А.Лукашенконың пайымдауынша, біртұтас нарық идеясына қайшы келіп отырған сауда-саттық жолындағы әкімшілік, техникалық, кедендік және транспорттық кедергілерді алуға қатысты нақты ұсыынстарды дайындауға негіз болуға тиіс.
Беларусь мемлекет басшысыынң пікірінше, сондай-ақ, ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің үкімет басшыларына біртұтас энергетикалық нарық қалыптастыруға қатысты ахуалға талдау жасау және оның нәтижелері туралы мемлекетаралық кеңестің кезекті отырысында баяндау туралы тапсырма беру қажет.