“Егер біздің түзетулеріміз қабылданатын болса, онда парақордың туыстары жаппай жауапкершілік жүктейтін болады. Біз оған қатысты іс бойынша жақын туыстарының мүлкін тәркілей алатын боламыз”,- деп мәлімдеді бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Экономикалық және жемқорлық қылмыстарен күрес агенттігінің төрағасы Сарыбай Қалмырзаев.
Оның айтуынша, 2006-жылдың бастапқы 5 айында беті ашылған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 22,5 процентке артқан. Сыбайлас жемқорлық деректері бойынша 365 адам құрықталды. Бұл былтырғы осы мерзімдегіден 72,2 процент артық. Парақорлық қылмыстары үшін 185 адамға қатысты іс сотқа жолданды. Соның ішінде ішкі істер мекемелерінің 25, әкімдерден 19, сот үкімін орныдатушылардан 12, әділет органдарынан 5, төтенше жағдайлар министрлігінің 4, салық қызметінің 4, ҰҚК-нің 1 адамына қатысты іс сотқа өтті.