Адам ұрлағаны үшін Интерполдың іздеуінде болған Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Ресейде ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Адам ұрлағаны үшін Интерполдың іздеуінде болған Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Ресейде ұсталды

Адам ұрлағаны үшін Интерполдың іздеуінде болған Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Ресейде ұсталды

ШЫМКЕНТ. 26-маусым. Kazakhstan Today. Адам ұрлағаны және қарулы қарақшылық әрекеттері үшін Интерполдың іздеуінде болған Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Ресейде ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Маусым 2006
  • 413
Фото - Caravan.kz

2004-жылы адам ұрлағаны және қарулы қарақшылық әрекеттері үшін Интерполдың іздеуінде болған Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының 41 жастағы тұрғыны Ульяновск қаласында ұсталды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Полицияның ақпаратына сәйкес, 2004-жылдың 5-тамызында Шымкенттік танымал кәсіпкер өз үйінің жанында ұрланған болатын. Тонаушылар оны босату үшін 4 млн. доллар талап етті. Екі апта бойы тұтқында отырған кәсіпкерді тәртіп сақшылары босатып, екі кісі тонаушыны ұстаған болатын. Алайда өзінің бұрынғы әріптесін ұрлау қылмысын ұйымдастырған қылмыскер қашып құтылды.

Қазір екі елдің күш құрылымдары тұтқынды Қазақстанға экстрадициялау мәселесін шешуде.