Жамбыл облысында инкассаторлардың көлігіне шабуыл жасалып, үш инкассатор қаза тапқан - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында инкассаторлардың көлігіне шабуыл жасалып, үш инкассатор қаза тапқан

Жамбыл облысында инкассаторлардың көлігіне шабуыл жасалып, үш инкассатор қаза тапқан

ТАРАЗ. 27-маусым. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында инкассаторлардың көлігіне шабуыл жасалып, үш инкассатор қаза тапқан. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Маусым 2006
  • 416
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, 21-маусымда 10 сағатта “ВалютТранзитБанкі” АҚ-ның Жамбылдық филиалының директоры полицияға

М 482 CF деген мемлекеттік номері бар арнаулы “Нива” автокөлігі 20-маусымда Шу қаласынан Таразға 32 млн. теңгені жеткізу үшін шығып, қалаға келмегенін хабарлаған. Көлікте “Байкал-442” табельді қаруы бар үш инкассатор болған.

Кеше осы автокөліктің табылғаны туралы ақпарат таратылды. Көлік Мерке ауылының маңынан табылған. Көлік ішінен үш инкасстордың мәйіттері шықты.

Бұл дерек бойынша шұғыл тергеу тобы құрылды. Жамбыл облыстық ІІД осы оқиғаға қатысты қандайбір ақпараттан хабардар жандардан көмек сұрады. Ондай мәліметтер үшін 1 млн. теңге сыйақы тағайындалды.

Перейти к новостям спорта