Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, қазақстандық шекарашыларға ұрлығы үшін сотталған екі азаматтың Қытай түрмесінен қашып кетені туралы ақпарат келіп түскен. Қашқындар Қазақстан аумағына өтті деген ақпар белгілі болды. Шекара жасағының басшылығы оларды іздестіру шараларын қолға алған.
“Комсомол” заставасының аумағында шекарашылар жасағы Қазақстан аумағына қарай бет алған үш аттың ізін тапты. Шілікті ауылынан бір жарым шақырым жерде шекарашылар қашқындарды қолға түсірді.