Қазақстан халықтарының ассамблеясы мен “Қазғарыш” ұлттық компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан халықтарының ассамблеясы мен “Қазғарыш” ұлттық компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан халықтарының ассамблеясы мен “Қазғарыш” ұлттық компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

АЛМАТЫ. 28-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан халықтарының ассамблеясы өкілдері мен “Қазғарыш” ұлттық компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 28 Маусым 2006
  • 483
Фото - Caravan.kz

“Қазғарыш” ұлттық компаниясы басқармаларының төрағасы Серік Тұржановтың айтуынша, меморандумға қол қою нәтижесінде Қазақстан халықтарының ассамблеясы ғарыш қызметіне арнап ұлттық инженерлік және зерттеуші мамандарды дайындау жүйесін дәйектеуге, мемлекеттік және ғылыми-ғарыштық қызметке Қазақстандағы азшыл ұлттар өкілдерін тарту ісіне атсалыса алады.

Меморандумға “Қазғарыш” ұлттық компаниясы басқармаларының төрағасы Серік Тұржанов пен Қазақстан халықтарының ассамблеясы төрағасының орынбасары Сергей Терещенко қол қойды.