Алматы облысында снарядтың жарылуы салдарынан үш адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында снарядтың жарылуы салдарынан үш адам зардап шекті

Алматы облысында снарядтың жарылуы салдарынан үш адам зардап шекті

АСТАНА. 29-маусым. Kazakhstan Today. Алматы облысының Үштөбе қаласында снарядтың жарылуы салдарынан үш адам зардап шекті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Маусым 2006
  • 358
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, сәрсенбі күні 16 сағат 15 минутта түсті металл сынықтарын заңсыз жинаумен шұғылданатын отбасының жеке үйінің ауласында снарядты аралау барысында жарылыс болған. Соның салдарынан екі еркек пен 12 жасар ұл түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары түрлі калибрлі 24 снаряд тәркіледі.

Перейти к новостям спорта