Сенат заңнамаға жалға берілетін баспана жүйесін дамыту туралы түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат заңнамаға жалға берілетін баспана жүйесін дамыту  туралы түзетулерді  алғашқы оқылымда мақұлдады

Сенат заңнамаға жалға берілетін баспана жүйесін дамыту туралы түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 29-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар “кейбір заңнамалық актілерге жалға берілетін баспана жүйесін дамыту туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 29 Маусым 2006
  • 472
Фото - Caravan.kz

Заң жобасы жеке баспана құрылысын кең көлемді дамытуға ынталандыру, кірісі ипотекалық несиелендіру жүйесі шеңберінде баспана сатып алуға мүмкіндік бермейтін азаматтар үшін тұрғын үй жинақтары жүйесін одан әрі дамытуды ынталандыруға, сондай-ақ, жалға берілетін бспана рыногын дамытуға бағытталған.

Заң жобасын қабылдау жергілікті атқарушы органдарға жалпы тұрғын үй қорындағы мемлекеттің үлесін арттырмай-ақ тұрғындардың белгілі бір санатының баспана тауқыметтерін шешуге мүмкіндік береді.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін сенаттың салалық комитетіне ұсынылды.

Перейти к новостям спорта