Парламент айрықша қорғаудағы табиғи аумақтар жөніндегі заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент  айрықша қорғаудағы табиғи аумақтар жөніндегі заңды  қабылдады

Парламент айрықша қорғаудағы табиғи аумақтар жөніндегі заңды қабылдады

АСТАНА. 29-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар “Айрықша қорғаудағы табиғи аумақтар жөніндегі” заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 29 Маусым 2006
  • 408
Фото - Caravan.kz

Заң мемлекеттік табиғи ескерткіштерді, мемлекеттік табиғи қорықтар мен қорық аймақтарын қорғаудың жаңа тәртіптерін енгізеді. Сонымен бірге заңмен “экологиялық желі” және “экологиялық дәліз” тәрізді жаңа ұғымдар қолданысқа енгізілді. Олар “ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі мен олармен байланысты орман, дала, шөл және сулы экожүйелердің жұмыс істеу принциптерін айқындайды”.

Депутаттар сондай-ақ “Айрықша қорғаудағы табиғи аумақтар мен орман шаруашылығы мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңды алғашқы оқылымда қарап мақұлдады.

Бұл құжатпен Салық, Бюджет, Жер және Орман кодекстерінің нормалары “Айрықша қорғаудағы табиғи аумақтар жөніндегі” заңның жаңа редакциясымен сәйкестендіріледі.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта