Қазақстанның тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасының жобасы мақұлданды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасының жобасы мақұлданды

Қазақстанның тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасының жобасы мақұлданды

АСТАНА. 29-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тұрақты даму жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті. Оның жұмысына парламент депутаттары, ғалымдар мен қоғамдық экологиялық ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырыс барысында қазақстандық ғалымдар мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрлігі әзірлеген Қазақстанның тұрақты дамуына көшу тұжырымдамасының жобасы, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы мен стратегиялық жоспарлауына тұрақты даму қағидаттарын енгізу мәселесі ұсынылып, талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 30 Маусым 2006
  • 1121
Фото - Caravan.kz

Атап өтілгендей, күн тәртібіндегі қазақстандық стратегияның мақсаты экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік және экологиялық факторлардың динамикалық тепе-теңдігін қамтамасыз ету, еліміздің табиғи байлығын сақтай отырып оны болашақ ұрпаққа тарихи белсенді қорғалған байлық түрінде жеткізу, халықтың өмір сүру деңгейінің сапасын еңбек өнімділігі мен қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту есебінен арттыру, табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануды болдырмау болып табылады.

Аталған стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін, сарапшылардың пікірінше, отырыс барысында қозғалған бірқатар жалпы мақсатты іске асыру қажет. Әрбір мақсаттың басымдығы және оларды жүзеге асырудың іс жүзіндегі қадамдары туралы ұсыныстар айтылды.

Еліміздің одан әрі дамуы үшін жобаның үлкен маңыздылығын айта келе, үкімет басшысы тұжырымдаманы кеңеске қатысушылар тарапынан қосымша зерттеуді талап етті.

Премьер-министр қоршаған ортаны қорғау министрлігіне келешекте шешім қабылдау үшін айтылған пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, жобаны қайта пысықтап, үкіметке ұсыну туралы тапсырма берді.

Перейти к новостям спорта