Астанада парламент палаталарының осы сессиядағы соңғы бірлескен отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада парламент палаталарының осы сессиядағы соңғы бірлескен отырысы  басталды

Астанада парламент палаталарының осы сессиядағы соңғы бірлескен отырысы басталды

АСТАНА. 30-маусым. Kazakhstan Today. Астанада парламент палаталарының осы сессиядағы соңғы бірлескен отырысы басталды. Онда үшінші шақырылған парламенттің үшінші сессиясы жабылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 30 Маусым 2006
  • 577
Фото - Caravan.kz



Отырысқа мәжілістің 65, сенаттың 35 депутаты қатысып отыр. “Тиісті кворум қалыптасты”, деді бірлескен отырысты ашқан мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов.

Отырысқа үкімет мүшелері, президентке есеп беретін мемлекеттік мекемелердің жетекшілері, Жоғарғы сот, Конституциялық кеңес пен басқа да мемлекеттік билік органдарының өкілдері қатысуда. Сессияның жабылуына республика үкімет басшысы Даниал Ахметов, президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков пен мемлекеттік хатшы Оралбай Әбдікәрімов келді.

Отырыста парламенттің сессия барысындағы жұмысы қорытындыланады.

Перейти к новостям спорта