Алматы облыстық әкімшілігі учаске инспекторларына арнап 22 пәтер бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облыстық әкімшілігі учаске инспекторларына арнап 22 пәтер бөлді

Алматы облыстық әкімшілігі учаске инспекторларына арнап 22 пәтер бөлді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 30-маусым. Kazakhstan Today. Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов Талдықорғанда тәртіп сақшыларымен кездесу барысында облыстық әкімшіліктің учаске инспекторларына арнап 22 пәтер бөлгенін жеткізді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 30 Маусым 2006
  • 446
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкім сондай-ақ тәртіп сақшыларына 44 автокөлік табыс етті. “Алматы облысындағы әрбір тәртіп сақшысы автокөлікпен, өзіне қарасты учаскеде пәтермен және телефон байланысымен қамтамасыз етілуге тиіс”,- деді ол.

Облыс әкімі 2006-жылдың аяғына дейін тәртіп сақшыларына тағы да 150 автокөлік беріледі деп сендірді.

Жалпы алғанда С.Үмбетов облыстық полицияның іс-қызметі туралы жылы лебіз білдірді.