Баспасөз қызметінің хабарлауынша, “Мак-2006” шарасының аясында 1-шілдеде Шымкент темір жол бекетінің перронында 34 жастағы еркек ұсталды. Тінту кезінде одан героин салынған 7 пакеті бар полиэтилен дорба табылып тәркіленді. Есірткінің жалпы салмағы 6,2 килограмм болып шықты.
Алдын-ала тергеу барысында күдікті героин салынған дорбаны оған Орал есімді танысы бергенін хабарлаған. Есірткіні ол Шалқар бекетіне дейін жеткізіп, сол жерде есеп айырысуға тиіс болған.
Бұл дерек бойынша қазір тергеу жүргізілуде. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша тергеу қапасына қамалды.