Қыркүйек айында Алматыда қазақ -қырғыз бизнес- форумы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыркүйек айында Алматыда қазақ -қырғыз бизнес- форумы өтеді

Қыркүйек айында Алматыда қазақ -қырғыз бизнес- форумы өтеді

АСТАНА. 3-шілде. Kazakhstan Today. Алматыда 22-қыркүйекте Қазақстан-Қырғызстан бизнес-форумы өтеді. Бұл жөнінде екі елдің үкіметаралық комиссиясының бесінші отырысында Қырғызстанның бірінші вице-премьері Данияр Үсенов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 3 Шiлде 2006
  • 415
Фото - Caravan.kz

«Біз отырыс барысында қыркүйек айының соңына қарай екі ел арасындағы бизнес-форум өткізу мәселесін талқыладық»,-деді Д.Үсенов.

Оның айтуынша, Қырғызстан аталған форумға Қазақстан жағынан мүмкіндігінше барлық инвесторларды шақырып, оларға тұрғын үй құрылысы, көлік жолдары, тау-кен өндірісі, мұнай-газ саласы және банк жүйесі төңірегіндегі жобаларды ұсынбақшы.

«Біздің есігіміз қазақстандық инвесторлар үшін әрдайым ашық,-деді вице –премьер.

Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұғамбетовтың айтуынша, 1-тамызға дейін Қырғызстан жағы форумның бизнес жобасын әзірлеп, нақты ұсыныстарын атап көрсетеді , ал Қазақстан жағы өз кезегінде аталған жобаларды инвесторларга жеткізеді.

«Осы шара Қазақстан инвесторларын Қырғызстанға тартуға тың серпін береді деп ойлаймыз»,-деді министр.

Перейти к новостям спорта