Алматыдағы бір элиталық тұрғын үйде қасақана құрылып қойылған жауынгерлік граната табылып залалсыздандырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы бір элиталық тұрғын үйде қасақана құрылып қойылған жауынгерлік граната табылып залалсыздандырылды

Алматыдағы бір элиталық тұрғын үйде қасақана құрылып қойылған жауынгерлік граната табылып залалсыздандырылды

АЛМАТЫ. 3-шілде. Kazakhstan Today. Алматыдағы бір элиталық тұрғын үйде қасақана құрылып қойылған жауынгерлік граната табылып залалсыздандырылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл жауап қату бөлімінің бастығы Мұрат Жұматаев хабарлады.

  • 3 Шiлде 2006
  • 346
Фото - Caravan.kz

“Әл-Фараби даңғылында орналасқан 97-үйдің 3-ші подьезі, 8-қабатында, 66-шы пәтердің жанынан қасақана құрылып қойылған жауынгерлік РГД-5 гранатасы табылды”,- деді М.Жұматаев. Белгісіз біреулер гранатаны тоқсауыттың ішіне орнатып, жарылғыш затты іске қосатын жіпті саты алаңына кіретін есікке байлап кеткен. “Есік ашылған кезде жіп тежегіш чеканы жұлады да, жарылыс болады деген принцип көзделген сыңайлы”,- деді М.Жұматаев. Оның айтуынша, құрылған жарылғыш затты 66-шы пәтердің тұрғыны тауып алып, тәртіп сақшыларына хабарлаған.

Гранатаны Алматы қалалық ІІД-нің “Арлан” арнаулы тобының саперлері залалсыздандырды. Қазір Бостандық аудандық ІІБ осы дерекке қатысты тексерулер жүргізуде.

Перейти к новостям спорта