Еліміздің оңтүстігінде конго-қырым қанды безгегінен тағы екі адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің оңтүстігінде конго-қырым қанды безгегінен тағы екі адам қаза тапты

Еліміздің оңтүстігінде конго-қырым қанды безгегінен тағы екі адам қаза тапты

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында конго-қырым қанды безгегінен тағы екі адам қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Шiлде 2006
  • 424
Фото - Caravan.kz



Атап айтсақ, Түркістан қалалық орталық ауруханасында Орынғай ауылының тұрғыны қайтыс болды. 26-маусымда 45 жастағы әйел ауылдық дәрігерлер амбулаториясына ауырып келген. Ал 30-маусымда ол ауыр жағдайда қалалық ауруханаға жатқызылған жерден қайтыс болды. Оған “қырым-конго қанды безгегі” деген диагноз қойылды.
Сайрам аудандық ауруханасында да осындай диагнозбен Көмешбұлақ ауылының 44 жастағы тұрғыны қайтыс болды. Ер адам аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне 28-шілдеде жатқызылып, ертеңінде көз жұмған.

Министрлік ақпаратына сәйкес, қазір екі ауру ошағында да науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталды. Олар дәрігердің бақылауына алынды. Жұқпалы дерттің таралуына жол бермеуге шаралар қолданылуда.

Ал бұған дейін қызылорда облысының Қараөзек ауылының 15 жастағы тұрғыны конго-қырым қанды безгегінен қаза тапқан болатын.

Перейти к новостям спорта