Апат Шет ауданында Алматы-Екатеринбург тас жолының 971-шақырымында 3-шілдеде болған. Мекеме ақпаратына сәйкес, “Тойота” автокөлігінің жүргізушісі “МАН” автокөлігімен соқтығысып қалған. Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның көлігінде отырған 24-27 жас аралығындағы үш жолаушы жарақат салдарынан оқиға орнында мерт болды.