“Олар партияның бірігуіне көп күш салды”,- деді партия жетекшісі өз орынбасарларын таныстыру барысында.
“Отан” партиясы төрағасының міндетін атқарушы болып Бақытжан Жұмағұлов қала береді.
АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Жаңа партия төрағасының орынбасары болып Жұмағұлов, Назарбаева және Павлов сайланады. Бұл туралы бүгін “Отан” республикалық саяси партиясының кезектен тыс ІX съезінде “Асар“ республикалық партиясымен бірігу жөнінде шешім қабылдануға байланысты жаңа партияның жетекшісі болып сайланған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
“Олар партияның бірігуіне көп күш салды”,- деді партия жетекшісі өз орынбасарларын таныстыру барысында.
“Отан” партиясы төрағасының міндетін атқарушы болып Бақытжан Жұмағұлов қала береді.