Президент Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық әріптестік және одақтастық байланыстар туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық әріптестік және одақтастық байланыстар туралы келісімді бекітті

Президент Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық әріптестік және одақтастық байланыстар туралы келісімді бекітті

АСТАНА. 5-шілде. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестік және одақтастық байланыстар туралы келісімді бекіту туралы” заңға қол қойды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 5 Шiлде 2006
  • 425
Фото - Caravan.kz

“Келісімнің мақсаты — өзара ынтымақтастықтың барлық қырлары бойынша теңдік, сенім, стратегиялық әріптестік және одақтастық байланыс принциптеріне негізделген етене жақын байланысты одан әрі нығайтуға құқықтық негіз қалау болып табылады”,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Келісім “тараптардың бейбітшілікті нығайту, аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті арттыру, адамзатқа төнген қазіргі қауіп-қатерлер – лаңкестік, экстремизм, ұйымдасқан қылмыс, есірткі саудасы мен қаржылық қылмыстарға бірлесіп қарсы тұруға бағытталған ұмтылыс-талпыныстарын заңмен бекітеді”.

Сондай-ақ, келісімде “екі жақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту, бірлескен кәсіпорындар құру, өзара инвестиция салуға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, екі ел аумағында кәсіпкерлік іс-қызметті дамыту” қарастырылған.
“Келісімде тараптар қоршаған ортаны ластаудың алдын алу үшін бірлескен шараларды қолдану, Каспий теңізінің экологиялық ортасын қалпына келтіру бағытындағы күш-жігерді үйлестіру, осы салада халықаралық және аймақтық бағдарламалардың жобасын жасап жүзеге асыру саласындағы ықпалдастықтың қажеттігін мойындайды”.

Келісімге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжанға мемлекеттік сапары кезінде 2005-жылдың 24-мамырында Бакуде қол қойылған.

Перейти к новостям спорта