Елбасы білім беру заңнамасына енгізілетін түзетулерге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы   білім беру заңнамасына енгізілетін түзетулерге қол қойды

Елбасы білім беру заңнамасына енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 5-шілде. Kazakhstan Today. Президент “Білім беру мәселелеріне арналған кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 5 Шiлде 2006
  • 365
Фото - Caravan.kz

“Білім беру туралы” және “Мемлекеттік кәсіпорын туралы” заңдарға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректорларын қызметке тағайындау және босату Қазақстан президентінің құзырына беріледі деп көрсетілген. Сонымен бірге “Мемлекеттік сатып алу туралы” заңға енгізілетін өзгеріске сәйкес, білім игергені туралы арнайы қорғауды талап ететін мемлекеттік үлгідегі құжаттарды дайындауға қажетті тауалар, қызмет түрлері мен жұмыстар мемлекет сатып алатын тауалар, қызмет түрлері мен жұмыстардың тізімге енгізілмек.

Өзгерістер мен толықтырулар білім беру сапасын арттыруға, ЖОО ректорларының құқықтық мәртебесін көтеруге, әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануды жеделдетуге, білім беру қызметінің сапасы үшін ректорлар жүктейтін жауапкершілікті күшейтуге септігін тигізбек.

Перейти к новостям спорта