Ғимарат президент сарайының қарсы алдында, парламент мәжілісі мен үкіметтің әкімшілік ғимараттарына таяу жерде орналасқан. Ғимарат 15 қабаттан тұрады. Онда үлкен жиналыс залы, қабылдауларға арналған зал мен Қазақстан президентіне арналған бөлме бар. Ғимарат Сауд Арабиясының грантына салынған.
Ғимараттың ашылу рәсімі 1-қыркүйекте өтеді деп күтілуде. Депутаттар келесі сессияда осы жерде жұмыс істейтін болады.