Т. Шәріповтың айтуынша, Туристический көшесінде ұсталған 40 жастағы азаматтан тапанша табылған. Ұсталған азаматтан тапаншадағы оқшантайдан бөлек, тағы бір оқшантай тәркіленді. Оның бірінде үш оқ, екіншісінде төрт оқ болған,дейді полиция қызметкері.
Тапнаша баллистикалық сараптамаға жіберілді. Полиция қызметкерлері оның қандай-да бір қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтауда.
Ұсталған азамат уақытша тергеу абақтысына тоғытылды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 251-бабы, 1- тармағына сәйкес (заңсыз қару –жарақ сақтау және қару алып жүру) қылмыстық іс қозғалды.