Прокуратура қызмектерлері зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының Астанадағы бөлімшесінде заң бұзушылықтар анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокуратура қызмектерлері зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының  Астанадағы бөлімшесінде заң бұзушылықтар анықтады

Прокуратура қызмектерлері зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының Астанадағы бөлімшесінде заң бұзушылықтар анықтады

АСТАНА . 6-шілде. Kazakhstan Today. Поркуратура қызметкерлері зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының Астана бөлімшесінен дөрекі заң бұзушылықтардың бетін ашты. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне ҚР бас прокуратурасының баспасөз-қызметі хабарлаған.

  • 7 Шiлде 2006
  • 380
Фото - Caravan.kz

Баспасөз-қызметінің мәліметі бойынша, тексеру барысында орталық бөлімшесінің жерлеу рәсіміне 240 мың теңге көлемінде заңсыз жәрдемақы төлегенін анықтаған. Оған қоса, қамқорлық органдары мен Мемлекеттік орталық арасындағы ықпалдастықтың жоқтығынан, ата-ана құқығынан айырылған , асыраушысы жоқ жандарға заңсыз төлемақы төлеп келген. Сондай-ақ, орталық қызметкерлерінің салғырттығынан, артық төленген зейнетақы сомасының қайтарылмағандығы анықталды.

Перейти к новостям спорта