“Екінші тоқсанда біздің атымызға 360 жазбаша, 143 ауызша арыз келіп түсті. Әсіресе Қызылорда, Алматы облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан шағым көп болды”,- деді В.Калюжный.
Оның айтуынша, шағымдардың сипатына қарай өткен мерзімдегі ағым сақталып отыр. Мәселен, шағымдардың 20 проценті сот шешімдерімен келіспеуге байланысты. Құқық қорғау органдарының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымдардың саны да осы деңгейде. 10 проценті әлеуметтік және зейнетақы қамтамасыздығына қатысты мәселелерге, 9 проценті тұрғын үй құқығын бұзу мәселелеріне байланысты.
В.Калюжныйдың хабарлауынша, қарауға қабылданған шағымдардың 27 процентіне қатысты оң шешім шығарылды. “Басқаша айтқанда, бізден көмек сұрай келген азаматтардың құқығы қалпына келтірілді”,- деді ол. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге келген шағымдарды қарау нәтижесіне сәйкес бірқатар мемлекеттік шенеуніктер тиісті жаза жүктеді.