”Қазақстан халқының және өзімнің атымнан сізге, сондай-ақ, қаза болғандардың туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын”, — делінген жеделхатта.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ресейлік БАҚ-тардың ақпаратына сәйкес, Мәскеуден Иркутскіге бет алған А-310 ұшағы қону барысында бетон қабырғаға соғылып, жанып кеткен. Соның салдарынан 122 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жарақатпен және күйікпен ауруханаларға жеткізілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында шетелдіктер мен балалар да бар. Ұшақ жолаушыларының басым бөлігі Байкал көліне демалуға бара жатқан. Ұшақта барлығы 204 адам, соның ішінде экипаждың 8 мүшесі болған.