Павлодарда белгісіз қылмыскерлер Ақтөбелік бір фирманың сауда өкілдігі кеңсесінің күзетшісін өлтіріп, 7 млн. теңгені тонап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда белгісіз қылмыскерлер Ақтөбелік бір фирманың сауда өкілдігі кеңсесінің күзетшісін өлтіріп, 7 млн. теңгені тонап кетті

Павлодарда белгісіз қылмыскерлер Ақтөбелік бір фирманың сауда өкілдігі кеңсесінің күзетшісін өлтіріп, 7 млн. теңгені тонап кетті

ПАВЛОДАР. 10-шілде. Kazakhstan Today. Павлодарда белгісіз қылмыскерлер Ақтөбелік бір фирманың сауда өкілдігі кеңсесінің күзетшісін өлтіріп, сейфтегі 7 млн. теңгені тонап, кеңсені өртеп кетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Шiлде 2006
  • 367
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тұрғын үйде орналасқан кеңседе өрт шыққаны туралы тұрғындар хабар берген. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер бір Ақтөбелік фирмада күзетші болып істеген 29 жастағы жігіттің күйіп қалған мәйітін тауып алған. Фирма Павлодарда арақ өнімдерін сатумен шұғылданған. Полицияның ақпаратына сәйкес, күзетші байлаулы күйінде креслода отырған жерінен табылды. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, ол “басынан жарақаттану және субарахноидальдық қан шабу” салдарынан қаза тапқан.

Шұғыл тергеу тобы фирманың сейфінен қолма-қол ақша түріндегі 7 млн. теңге тоналғанын, алайда екі винчестердің өз орнында қалғанын анықтады.

Полицияның алдын-ала жорамалына сәйкес, қылмысты күзетшінің таныстары жасаған болуы мүмкін. Қазір қылмыскерлер іздестіріліп жатыр.

Перейти к новостям спорта